
"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысы Брэндон Уильямс жылдамдықты тым асырып көлік жүргізгені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
24 жастағы футболшы өткен аптада тамыз айында болған жол апатына байланысты кінәсін мойындады. Ол 2023 жылдың тамызында көлігін 159 км/сағ (99 миль/сағ) жылдамдықпен жүргізіп, аузында шар ұстаған күйі апатқа ұшыраған. Сол сәтте көлікте жас әйел отырған.
Уильямс өткен жазда "Манчестер Юнайтедтен" кеткен. Ол алғаш 2019-2020 жылғы маусымда негізгі командаға шығып, керемет ойын көрсеткен болатын. Атақты қорғаушы Гари Невилл оны ерекше мінезі мен қайсарлығы үшін мақтаған.
2020 жылы Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт оны Еуро-2021 турниріне шақыруды ойлаған. Алайда, келесі маусымда ол жарақат алып, негізгі құрамдағы орнын жоғалтты.
Одан кейін Уильямс "Норвичке” жалға беріліп, тұрақты ойын уақытын алғанымен, команда Премьер лигадан ұшып кетті. Кейін "Ипсвичке” ауысып, Чемпионшиптен Премьер лигаға көтерілуге көмектесті, бірақ 2024 жылдың қаңтарынан кейін бірде-бір ойынға қатысқан жоқ.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET