Эктор Бельерин «Барселонаға» оралды

02.09.2022, 16:34
Футболшы «Миланға» кеткен Сержиньо Дестті алмастырды.
Эктор Бельерин «Барселонаға» оралды

Испаниялық қорғаушы Эктор Бельерин «Барселонамен» бір жылдық келісім-шартқа отырды. Бұл туралы каталониялық клубтың ресми сайты хабарлады.

«Бельерин үйіне қайтып оралды және 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген келісім-шартқа қол қояды», - делінген клубтың мәлімдемесінде.

27 жастағы Бельерин - «Барселонаның» түлегі. 2013 жылдың қыркүйегінде «Арсеналға» ауысты. Эктор «канонирлер» сапында 239 кездесу өткізіп, 9 гол соқты, 29 нәтижелі пас берді. Клубпен ол үш рет Англия кубогі мен суперкубогін жеңіп алды.

Өткен маусымда Бельерин «Бетис» сапында жалдау шарты бойынша ойнады. Испаниялық клуб үшін 32 ойынға қатысып, бес нәтижелі пас берді, сонымен қатар Испания кубогін иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×