Ел біріншілігінің деңгейін білгің келсе, еурододаны қара

13.07.2011, 16:59
Ел біріншілігінің деңгейін білгің келсе, еурододаны қара
Ұлттық құрамамыздың Әзірбайжанға қарсы өткізген ойынының буы әлі басылмай жатып, еурододада бастау алған клубтарымыз да барша футболсүйер қауымды шаттыққа бөледі. Тұңғыш рет Еуропа лигасының екінші кезеңіне жолдама алдық. Бір емес, екі командамыз алғашқы асуынан сәтті өтті. Осы жайттардың барлығын ой елегінен өткізген біз «халықаралық аренадағы соңғы жетістіктеріміздің артында не тұр?» деген сұраққа жауап іздеп көрген едік. Жанкүйерлер арасында «ел біріншілігінің қаншалықты тартысты екені клубтарының халықаралық аренадағы көрсеткіштерімен өлшенеді» деген түсінік бар. Мұнымен біз де келісеміз. Ендеше, ел біріншілігінің деңгейіне назар аударып көрелік. Өткен жылдан бастап Ұлттық футбол лигасы батыл қадамға барып, премьер-лига клубтарының санын 14-тен 12-ге дейін қысқартты. Біріншіліктің өзін екіге бөлді. Алғашқы кезеңде 12 команда көшбасшылар мен аутсайдерлерді анықтаса, екінші кезеңде аутсайдерлер премьер-лигадағы орындарын сақтап қалу үшін жанталасып, үздік алтылық чемпиондыққа таласты. Әлбетте, сол кездері бұл жүйеге қарсы болғандар да табылды. Әріп­тестеріміздің арасында да федерацияны жерден алып, жерге салғандар аз болған жоқ. Ондайлар әлі күнге дейін бар. Бірақ футболшылар наразы болған жоқ қой. Қайта әр сұхбатында «былтырдан бері премьер-лига өте тартысты өтуде. Әсіресе, екінші кезеңнің ойындары қызық» деп ағынан жарылып жататындар көп. Ал ең бастысы, бұл жүйе бір жылдан кейін-ақ өз жемісін берді. Ішкі біріншіліктегі тартысты ойындар арқылы әбден шыңдалған футболшыларымыз халықаралық аренада да көсіле бастады. «Шахтер» мен «Ертістің» Еуропа лигасының алғашқы кезеңінен еш қиындықсыз өтуі еуроаренадағы жеңісті жолымыздың бастамасы ғана. Шынында да, «Шахтер» мен «Ертіс» ел футболының деңгейі қаншалықты өскенін өз ойындарымен дәлелдеп берген секілді. Тағы бір мысал, бұрындары букмекерлік кеңселер премьер-лига ойындарына бәс қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартатын. Қазір ел чемпионатындағы қай матчқа болмасын, «ставка» тіге аласыз. Бұрынғыдай емес, бүгінде матчтың қорытындысын тек ойын аяқталған соң ғана біліп жатамыз. Қазақстан футбол федерациясының «премьер-лига ойыны кезінде әр команда 21 жасқа толмаған екі футболшысын міндетті түрде алаңға шығару керек. Оның біреуі қазақ болуы тиіс» деген ережесі де өз жемісін берді. Ел футболы регламентіндегі осы ереженің арқасында жанкүйерлер Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Ұлан Қонысбаев, Серікжан Мужиков секілді қаракөздеріміздің тамаша ойындарына қол соғып жүр. Рас, биылдан бастап федерация премьер-лига клубтарына жеңілдік жасап, алаңда 21 жасқа толмаған бір футболшысын ғана шығаруға рұқсат берді. Дегенмен жақын болашақта өз жемісін берген бұрынғы ережені қайта күшіне енгізеді деп үміттенеміз. Ал Еуропа лигасының аясындағы «Шахтер» мен «Копер» текетіресінің тағдырын, негізінен, Көкеев пен Қонысбаев шешті десек, артық айтқандығымыз емес. Бір үйдің ағайынды екі баласындай, жоқ егіз баласындай бір-бірін керемет түсініп, екі ойында екеуара үш гол соққан Жамбыл мен Ұлан «Қазақ баласы бокс немесе күреспен шұғылдануы керек, футбол секілді командалық ойын түрі қазаққа қол емес» деген кеңестік кезеңнен келе жатқан стереотиптерді жоққа шығарды. Шын қаласақ, алынбайтын қамалдың жоқтығына көзімізді жеткізді. Ойынның соңына дейін бар күшін салып, әп-сәтте Қарағандының қаһармандарына айналып шыға келді. Жігіттеріміздің жігерлілігіне біз де қуандық. Бұрындары еурокубок аясында «Ақтөбеге» «Маттерсбург» тап болса, немесе «Ертіс» пен «Омония» кездессе, міндетті түрде қарсыластарымыз фаворит ретінде қарастырылатын. Қазір сарапшы мамандар біздің командалардың мүмкіндіктерін жоғары қоя бастады. Демек, деңгейіміз өсті деген сөз емес пе?! Иә, кейбір орыс тілді жазғыштарымыз қанша даттамасын, бәрібір де ел футболының деңгейі өсіп келеді. Бұл үшін селекциялық жұмыстарын күшейткен клубтарға жүз жүйріктің ішінен тұлпарларын тауып жүрген бапкерлерге, ел үшін ең соңғы күшін сарпуға әзір футболшыларымызға, аз да болса, командасының тілеуін тілеп жүрген жанкүйерлерге алғыс айтуымыз керек. Сондай-ақ қазақ футболы үшін бар жағдайды жасап отырған федерациямызды да ұмытпайық. Ендеше, әріптестер, тырнақ астынан кір іздеп, әр жеңілісімізді ҚФФ-ға тіреп, жеңісімізді жай ғана сәттілікке балай бергенше, ел футболының деңгейін одан әрі көтеретін жолдар іздейік. Жазғырмайық, ұсыныс айтайық. Автор: Әзиз Жұмаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.375
Ничья
5.34
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.976
Ничья
3.91
П2
3.785
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.978
Ничья
3.875
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.508
Ничья
4.89
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.18
Ничья
3.605
П2
2.302
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.485
Ничья
3.875
П2
1.836
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.078
Ничья
15
П2
31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.147
Ничья
9.45
П2
20
Алдыңғы жаңалық
ТҮРІК ФУТБОЛЫНА ЖАУ ТИДІ
Келесі жаңалық
Сырт алаңда сүрінді
Aladop Youtube
×