Ұлттық құрамамыздың ойындарына байланысты екі апта үзіліс алған футболдан Қазақстан чемпионаты кеше кешкісін қайта жалғасты.
4-турдың орталық кездесуі елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтті. Өткен жылғы Қазақстан кубогының иегері және биылғы жылы еліміздің кіл мықтыларын құрамына жинаған «Локомотив» соңғы жылдардың үздік ұжымы «Ақтөбені» қабылдады.
Негізі, 4-турдың алғашқы нәтижелері Талдықорған мен Шымкентте белгілі болды. Алматы облысының орталығында «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» қабылдаса, Шым қалада оңтүстік дербиі өтіп, қонақтар бір гол айырмашылығымен басым түсті.
Сондай-ақ тағы бір қызық әрі тартысты кездесу Қостанайда өтті. Ел чемпионы «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
4-турдың нәтижелері:
«Локомотив» (Астана) — «Ақтөбе» – 1:0
Гол: Нөсербаев, 21.
«Ордабасы» (Шымкент) — «Тараз» – 0:1
Гол: Кургулин, 47.
«Ертіс» (Павлодар) — «Восток» (Өскемен) – 3:1
Голдар: Мальцев, 53. Сергиенко, 55. Чернышев, 70 — Мулиса, 37.
«Тобыл» (Қостанай) — «Шахтер» (Қарағанды) – 1:2
Голдар: Бекрич, 87 — Борантаев, 42. Борантаев, 44.
«Атырау» — «Қайрат» (Алматы) – 1:1
Голдар: Шафф, 34-пенальтиден. Чуреев, 53 — Струков, 30. Головской, 68.
«Жетісу» (Талдықорған) — «Қайсар» (Қызылорда) – 3:0
Голдар: Климавичус, 17. Бакаев, 54. Мұжықов, 86.
Автор: Әзиз Жұмаділ