31 тамыз күні өтеді деп жоспарланған “Қайрат” - “Астана” ойынының уақыты өзгерді.
Премьер-лиганың 19-тур кездесулерінің басым бөлігі 31 тамыз күні өтуі тиіс. Оның арасында елордалық “Астана” чемпиондыққа жақындап келе жатқан “Қайратпен” бақ сынайды. Алайда 29 тамыз күні норвегиялық “Браннды” Алматыда қабылдайтын сары-көктер тараптардың ақылдасуымен ел-класикосын 1 қыркүйекке қарай жылжытуды жөн көрді.
Еске салсақ, “Астана” еурокубоктік кездесулерінен кейін қалыпқа келуі үшін Премьер-лиганың “Атырауға” қарсы 17-тур матчын кейінге қалдырған болатын.
“Астана” норвегиялық “Браннмен” болатын қос кездесуде жеңіске жетсе, онда елорда ұжымы Конференция Лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.
Біздің серіктес: FONBET