“Эль Класико” үшін мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби….

30.10.2025, 16:00

Йохан Кройффтың ұлы Хорди Кройффтың өмірге келуі футболмен тығыз байланысты оқиға екені белгілі болды.

“Эль Класико” үшін мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби….

Хорди бір сұхбатында бұны былай деп еске алады:

"Мен шын мәнінде дүниеге келуім керек болған күннен бірнеше күн бұрын туған екенмін. Себебі “Эль Класикоға” әкемді қатыстыру үшін дәрігерлер анамды әдейі ертерек босандырған. Әкем матчқа шықты, ал командасы “Реалды” 5:0 есебімен ойсырата жеңді."

Бұл сөздердің рас-өтірігін тексергенде бәрі сәйкестігін көрсетеді. Хорди Кройфф 1974 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген. Дәл сол кезде оның әкесі – әйгілі Йохан Кройфф “Барселона” сапында өнер көрсетіп жүрген. Ал 1974 жылдың 17 ақпанында өткен атақты “Эль Класикода” Йохан шынында да алаңға шығып, бір гол соққан. Матч “Сантьяго Бернабеуде” өтіп, “Барселона” мәңгілік қарсыласы “Реалды” 5:0 есебімен тас-талқан еткен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×