
11 мамырда өтетін “Эль Класико” қарсаңында Испания футбол әлемінде үлкен дау пайда болды. Матчты төрелік ететін Алехандро Эрнандес Эрнандес туралы бұрын-соңды жарияланбаған қызықты ақпарат Real Madrid TV арнасында көрсетілді.
"Реал Мадридтің" ресми телеарнасы мұрағаттан Эрнандестің 12 жастағы кезінде берген сұхбатын тауып жариялаған. Сұхбат барысында:
“Сүйікті командаң кім?” деген сұраққа ол: “Барселона” деп жауап берген. Ал “Сүйікті ойыншыларың кім?” деген сұраққа: “Ромарио мен Лаудруп” деген.
Бұл сұхбат бала кезінде берілгенімен, қазіргі жағдайға әсерін тигізіп отыр. Себебі ол Эль Класико сияқты өте маңызды матчта төрешілік етпек.
"Реал Мадридтің" жанкүйерлері мен кейбір Испандық басылымдар Эрнандестің бұл матчта "Барселонаға" бұра тартуы мүмкін яғни таза төрелік болуы екіталай деп күмәндануда.
Испания төрешілер комитеті бұл мәселеге ресми пікір білдірмеген.
Біздің серіктес: FONBET