Қазақстан Премьер-лигасының он үшінші туры қарсаңында "Астана" "Қайратпен" кездесті. Матч "Астана Аренада" өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Бірінші тайм барысында алматылық клубта гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Бірақ "Қайрат" шабуылшыларының жолы болмады.Ойынның 86-минутында Тигран Барсегян есеп ашқан еді, 90-минутта Гафуржан Сүйімбаев қақпашының орнынан шыққанын ұтымды пайдаланып, таразы басын теңестірді
Бір ұпайды қанағат еткен Андрей Тихонов шәкірттері алғашқы орында қала берді (33 ұпай). Алматылық ұжым 21 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET