Ел құрамасы Тәжікстаннан басым түсті

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкенттегі Әлем чемпионаты алдындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. 

Ел құрамасы Тәжікстаннан басым түсті

“Сайран Аренада” өткен кездесуде есеп екінші таймда ашылды. Команданың көшбасшысы Біржан Оразов қарсылас қақпашысын қапы қалдырды. Көп ұзамай Дәурен Тұрсағұловта мергендігімен көзге түсті. Кездесудің нүктесін құрамадағы алғашқы голын соққан Акжол Дәрібай қойды. 

Кака шәкірттері 24 тамыз күні “Сайран Аренада” Тәжікстанмен тағы да кездесу өткізеді. Одан кейін Қазақстан Әлем чемпионатының алдындағы дайындығын пысықтау барысында Иранмен Астанадағы “Жекпе-жек” сарайында кім мықтыны анықтайды. Қос матчтан тұратын ойын 31 тамыз бен 1 қыркүйекке жоспарланған. 

Айта кетейік, биыл ӘЧ 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді. Қазақстан ірі турнирде Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен бақ сынасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×