Бүгін біздің жігіттер азуын айға білеген Бельгиямен ұпай бөлісті.
Араға төрт жыл салып құрама бапкерлігіне оралған Байсуфиновтың қызметі сәтті басталды. Қазақстан “Ұлытау” ФК менеджерінің баптауында Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, сұрапыл Солтүстік Македония мен қызыл сойқан Бельгиямен 1:1 есебімен тең тарқасты.
Бұған дейін құрама Әли Әлиевтің тізгінінде Беларусьқа қарсы жолдастық матчты қосқанмен, 4 ойын қатарынан жеңіс дегенді білмей келген. Егерде Федерация Талғат Маруаұлын қызметке ертерек тағайындағанын да жағдай мүлдем басқаша болар ма еді… Бірақ қалай сөйлегенімізбен Қазақстан 2026 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсету құқығынан айырылды.
Ендігі кезекте құрамамыз 18 қарашада Фарер аралдарымен жолдастық ойын өткізеді. Аталған кездесу Қазақстан үшін аса қиынға соқпауы тиіс. Жылды қорытындылайтын матчтан кейін Талғат Байсуфиновтың қызметтегі мәселесі нақты шешілуі тиіс. Бірақ қазірдің өзінде Маруаұлы қолдау көрсетуші жанкүйерлер қарасы көбейіп жатыр.