Ел мақтаған Хесе Родригес

24.02.2014, 10:06
Ел мақтаған Хесе Родригес
 Қазіргі таңда  «Реалда» Анчелотти басшылық  еткен жаңа команданың құрылу кезеңі жүріп  жатыр. Қатарға қосылған жаңа жұлдыздар  жасыл алаңда барын салып, негізгі құрамнан  орын алуға талпынуда. Солардың ішінде  Хесенің есімі ерекше аталып жүр бүгінде. Аты-жөні: Хесе Родригес Руис Бойы: 178 см Қапталдағы орны: Шабуылшы, вингер Клубы: «Реал» Мадрид Туылған жылы: 26 ақпан 1993 Трансферлік құны: 15 млн евро   Прямая ссылка на встроенное изображение                                 Канар аралдарын шулатқан бұл футболшы Сегундада атой салған "Кастилья" командасының үздік шабуылшысына айналды. Өткен маусымда Хесе 38 ойында 21 гол соқты. Ерен еңбегінің арқасында «Реалдың» негізгі құрамына шақырылды. Хесе әлі жас. Дегенмен ақыл тоқтатқан футболшы. Дер кезінде оңтайлы шешім қабылдай алады. Талпынысы мен талабы таудай дарынды футболшының талантын танып, еркін көсілуіне мүмкіндік беру - оған көрсеткен үлкен құрмет деп білемін. Хесенің шабуылшылық деңгейі әр ойын сайын шыңдала түсуде. Мықтылармен тайталасқа түсуде.  Криштиану Роналду жас испандық футболшының тәлімгері әрі қамқоршысына айналды. Жасыл алаңнан тыс Хесеге  Зинедин Зидан да көп көмектесуде. Әйгілі француз футболшысы мен Хесенің арасында сыйластық орнаған. Білмегенін сұрап, шеберлігін шыңдап жүрген жайы бар. Ағалары да жас футболшының техникасына, ойын мәнеріне тәнті. Осындай ортада тәлім алып жүрген Хесенің болашағы жарқын деуге болады. «Реалда» оны Раульдің ізбасарына балайды. Бірақ, жар салып айтуға әлі ерте секілді. «Реалдың» түлегі  Икер Касильяс та бір кездері көп мақталған қақпашы. Қазіргі жағдайы көпшілікке айтпаса да түсінікті. Бірақ, шын мықтыға тұсау жоқ екені шындық. Мадридтік жанкүйерлер Хесені алаңнан жиі көргісі келеді. Ойынына оң бағасын беріп қойған.   Хесенің трансферлік құны Реалдың жаңа футболшысы уақыт өткен майын бағасы артып келеді. 2013 жылы transfermarkt.de футболшыны 5 миллион евроға бағалаған болатын. Қаңтар айында Хесенің бағасы 3 есеге өсті, яғни, 15 миллион евро.                                                               Хесе жайлы дәйексөздер Рубен де ла Ред, «Реал Мадрид Кастилья» командасының бапкері «Хесе қандай футболшы екенін көбі білмейді, себебі ол өзін әлі толықтай көрсеткен жоқ. «Реал» ең қажетті футболшыны таңдады. Жарты жылдан соң нағыз Хесені көретін боласыздар. Ол мықты футболшылармен бір деңгейде өнер көрсетеді. Хесенің шыңы -  «Алтын доп». Висенте дель Боске, Испания ұлттық құрамасының жаттықтырушысы « Кім алаңға тұрақты шығып, жақсы ойын көрсетсе, сол ұлттық құрамаға үміткер. Мен тек бір есімді атамаймын, барлығын да айтқым келеді. Қай футболшыда Испанияда ойнауға мүмкіндік болса, Хесе - солардың бірі. Карло Анчелотти, «Реалдың» бас бапкері    « Гарет 24 жасында мықтылығын мойындатса, Хесе 20 жасында ол деңгейге жетті. Екеуі де мықты, жылдам, оңтайлы пас да шығара алады. Хесе жасыл алаңда болған кезде, ол ойнаған тұс, оң немесе сол қаптал, орталық алаң, қорғаныстан гөрі шабуылға жиі шығып отырады. Мен оның ойынын бас бармағыммен бағалаймын.                                                                           Хесенің керемет ойыны Испандық шабуылшының шама-шарқы әр ойын сайын көзге көрінуде. Оны алда маңызды кездесулер күтіп тұр. «Реалдағы» алға қойған мақсаты 10 гол соғу. Сегіз гол соқса, соның бесеуін – Испания чемпионатында, үшеуін - Корольдік Кубокта салған. Оған төрт нәтижелі пасын қосыңыз. Хесе «Эль Класикода» гол соқты...  Хаби Алонсодан тамаша пас алып, гол соқты... Корольдік Кубокта «Атлетикоға» гол соқты ...  Әр ойын сайын сенімді қимылдайды. Қорғаушыларды қапы қалдырып қана қоймай, тура пас та шығара біледі... Жалғыз өзі де жасыл алаңда ойқастап, ойын тағдырын шеше алады...                                                      Хесе футболдан тыс уақытында Хесенің Твиттер парақшасындағы суреттерге зер салыңыздар. Бос уақытында шаштаразға барып, шаш үлгісін ретке келтіруді ұнатады... Жаңа шаш үлгісі... Достарымен бірге... Демалыс уақытында... Испандық футболшы хип-хопқа қызығады екен. Музыка мен биді жанындай жақсы көреді... Хесе – әке Хесе Родригес - қарапайым жігіт. Ал, әке дегенге ешкім сенбес, әрине. Дегенмен, 21 жасар жігіттің 1 жасар ұлы бар көрінеді. Бұл жөнінде футболшының өзі тіс жармады. Баланың анасымен араласпайды-мыс. Хесе бұл жайында жасырып келгені соншалық, оны жанындағы достары да білмейді екен. Анықтап қараса, Хесенің оң жақ қолында өз ұлының есімі мен туылған уақыты жазылған көрінеді. Интернеттен өздеріңіз іздеп тапсаңыздар болады. Хесе ешкімге жеке өмірі жайлы айтуға міндетті емес. Бірақ, жанкүйерлер үшін қызық. Олар футболшы жайында білгісі келеді. P.S: Кім не десе, о десін. Хесе - «Реалдың» болашақ жарық жұлдызы. Қалғанын уақыт көрсетер... *********************************************************************************************************************   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×