Instagram: eldos_akhmetov
Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысының көмекшісі Елдос Ахметов “Хартсқа” қосылған Ислам Чесноковқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Шотландия футболы — рухы мықтылардың алаңы
Елдос Ахметов өз жазбасында Шотландия чемпионатының өзіндік ерекшелігі мен қаталдығына тоқталып, бұл қадамның Ислам үшін үлкен сынақ екенін атап өтті.
“Ислам Чесноков үшін жаңа орта үлкен сынақ. Шотландия - мінез бен тәртіпті талап ететін футбол. Талабы қатал, бірақ ер мінезділерді өсіретін лига. Heart of Midlothian FC - жауапкершілігі зор клуб, сен соған лайықсың. Ең бастысы еңбек, сабыр, тәртіп. Күн сайын өзіңді жеңе біл. Ел сенімін ақта. Алға қадамдарың берік болсын, бауырым!” – деп жазды бапкер.