Элдер Сантана: "Қайраттың" инфрақұрылымы Португалиядан жақсы

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
15.04.2024, 17:07

"Қайраттың" бразилиялық шабуылшысы Элдер Сантана Алматылық клубтың инфрақұрылымы мен жалпы деңгейіне жоғары бағасын берді.

Элдер Сантана: "Қайраттың" инфрақұрылымы Португалиядан жақсы

"Тұранмен" болған Кубоктік бәсекеден кейін берген сұхбатында Сантана ағынан жарылған болатын.

"Иә,"Қайраттың" инфрақұрылымы Португалиядан жақсы. Мұндағы жағдайға Португалияның және Бразилияның клубтары талпынуы керек. "Қайратта" футболшыға қажеттінің бәрі бар, бізге тек жаттығып, ойнау керек", - деген болатын бразилиялық легионер. Айта кетейік, Элдер Сантана Алматылық командадан бөлек "Ақтөбе" жейдесінде өнер көрсеткен. "Қайраттың" ҚПЛ 5-турындағы қарсыласы дәл осы "Ақтөбе" болмақ. Бес турдан кейін командалар алғашқы бестікте келеді. "Қайрат" 8 ұпаймен көш бастаса, Ақтөбелік клуб төртінші сатыға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×