"Тараз" клубының қорғаушысы Елдос Ахметов Премьер-лиганың алғашқы турында "Қайсармен" болған ойын (2:3) туралы пікір білдірді. Елдос кеше өз қақпасына гол соғып алған еді.
- Мен барлық қазақстандық жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен, сондай-ақ көрермендердің стадиондарға оралғандығымен құттықтағым келеді. Біз өте қуаныштымыз, өйткені жанкүйерлермен ойнау әлдеқайда қызықты. Екі команда да өте керемет ойын көрсетті, гол соғу мүмкіндігі мол болды. Алайда, ауа-райының қолайсыздығы мен жасанды алаң ойынның сапасына әсер етті.
- Сіз өз қақпаңызға гол соққан сәтте түсініспеушілік орын алды ма?
- Әрине, жаңа команда құру кезінде бірден жетістікке жету және бір-бірімізді түсініп кету қиын. Менің ойымша, бұл сәтте осы жағдай әсер етті. Бірақ, Құдайға шүкір, соңында біз кездесудің тағдырын өзгерте алдық. Біздің жанкүйерлерімізді осы жеңіспен құттықтаймын!
«Тараз» КФК баспасөз қызметі