Елдос Ахметов: жасанды төсеніште ойнағанның салдарынан мансабымды аяқтауға тура келді

26.09.2025, 14:47

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында көмекші қызмет атқарып жүрген Елдос Ахметов жасанды төсенішке байланысты өз ойын айтты.

Елдос Ахметов: жасанды төсеніште ойнағанның салдарынан мансабымды аяқтауға тура келді

«Қазақстанда стадионның төсеніштеріне ақырындап көңіл бөлініп келеді. «Ордабасы», «Тұран» клубтарының алаңдары дұрысталды. Әйтпесе менің футболдағы мансабымның көпшілігі жасанды төсеніште өтті. Өзім жақтыртпаймын. Денсаулыққа ауыр. «Грыжаның» шығуына әсер етіп, футболдан кетуге тура келді. Барлығы уақыт өте шешіледі деген сенімдемін», – деді Елдос Ахметов.

Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте еліміздің басты стадионы «Астана Арена» стадионы жасанды төсенішпен жабдықталған. Қызылорда қаласында енді ғана қолданысқа берілген, Қазақстан Кубогының финалын қабылдайтын «Қайсар Арена» стадионына да жасанды төсеніш төселген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×