Эльхан Астановтың «Астанаға» трансфері болмай қалуы мүмкін

21.01.2023, 04:03
Эльхан Астановтың «Астанаға» трансфері болмай қалуы мүмкін


Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Эльхан Астановтың мансабы "Ордабасыда" жалғасу ықтималдығы жоғары.

22-жастағы ойыншының өкілдері елордалық командамен трансфер туралы келіссөздер жүргізген. Алайда, Эльхан әлі күнге дейін "Астана" футболшысы ретінде таныстырылмады. 

Астановтың өзі кетуге қарсы емес. Оның шымкенттік ұжымдағы келісімшартының аяқталғанына біраз болды. 

Маңызды аяқдопшысынан айырылып қалмаудың мақсат еткен "Ордабасы" Эльханға жыл соңында ұсыныс жасаған екен.

"Астана" мен Астанов арасындағы осы бір үзілісті оңтүстік команда өз пайдасына шешіп алуы мүмкін.

Өткен маусымда "Ордабасы" Қазақстан Кубогін жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×