Семейлік "Елімай" Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында алғашқы сынақ матчын өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Андрей Карпович шәкірттері жергілікті "Эмирейтс" клубымен кездесіп, қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Кездесу бойы басымдық танытқан Семейлік ұжым қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Алдымен Акмаль Бахтияров есеп ашса, кейіннен Артем Жилин мен тәжірибелі шабуылшы Роман Мұртазаев есепті еселеп, ойын тағдырын шешті.
Бұл жеңіс Семейлік клубтың жаңа маусымға дайындығы қарқынды екенін көрсетіп отыр. Команда БАӘ-дегі дайындығын жалғастырып, алдағы уақытта тағы бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлауда.