
«Жетісу» - «Елімай» кездесуі
Андрей Карпович командасы жаңа Талдықорғанда «Жетісуды» сенімді түрде ұтып, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді.
Самат Смақовтың жоқтығы сезілді ме, алаң иелері мардымды ештеңе көрсете алмады - семейліктер екінші минутта есеп ашқан. Голдың авторы Самюэль Одеойбио.
Тура үзілістің алдында қонақтар есепті еселей түскен - Фессу Плакка 45-минут.
Ал ойынның нүктесін Фейсал Мулич қойды 64-минут.
Сонымен, 6-турдағы жеңісінің арқасында семейліктер үздік үштікті түйіндеді. Бірақ қалған матчтардан кейін жағдай өзгеруі ықтимал. Ал «Жетісу» сол 3 ұпаймен 12-келеді. Самат Смақов талдықорғандықтарға әлі 3 ойында көмегін бере алмайды.
Біздің серіктес: FONBET