Бүгін семейлік ұжым қорғаушы Неманья Чаласанмен болған арадағы келісімді тоқтатты.
29 жастағы сербиялық “Елімайға” осы жылдың басында келіп қосылған болатын. Ол биылғы маусымда жасылдар жейдесінде 28 матч өткізді. Оның мансабында қазақстандық клубтан бөлек, “Шавеш”, “Чукарички”, “Лэйшоеш” және “Спартак” клубтары болды.
Айта кетейік, бұған дейін “Елімай” қорғаушы Самюэль Одеоибо мен жартылай қорғаушы Дэвид Майкоммен қош айтысқанын жеткізген еді.
Команда ойыншыларды тек жіберіп қана қоймай, отандық футболшылардың келісім шартын ұзартты. Мәселен, шабуылшы Жан-Али Пайруз келесі маусымда да Карпович командасында өнер көрсетеді.