“Елімай” көш басына шықты

15.09.2024, 19:20

Қазақстан чемпионатының 20-турында семейлік “Елімай” қостанайлық “Тобылды” 2:1 есебімен ұтты.

“Елімай” көш басына шықты

ҚПЛ, 20-тур

“Елімай” 2:1 “Тобыл”

Голдар: Машуков 11’, Корзун 89’, Чесноков 90+5’

Осы ойыннан кейін Карпович шәкірттері 34 ұпаймен ішкі чемпионатта көш бастады. Екінші орында алматылық “Қайрат” келеді. Сары-қаралар ұжымының қоржынында 32 ұпай бар. Айта кететіні, оңтүстік астанамыздың командасында қосымша өткізетін 2 ойыны бар. 

Чемпионаттағы келесі кездесуін “Елімай” 22 қыркүйек күні аутсайдер “Шахтерге” қарсы өткізеді. Ал “Тобыл” болса, “Ақтөбені” қабылдайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Елімай Тобыл
×