Семейлік ұжым Түркиядағы екінші жолдастық кездесуінде де жеңілді.
Dubai Police club stadium-да “Краснодармен” болған жолдастық кездесу Ресей ұжымының жеңісімен аяқталды. Бұқалар “Елімайлық” Жан-Али Пайруздың соққан жалғыз голына Мукайлов пен Буркиннің нәтижелерімен жауап қатты.
Еске салсақ, семейліктер бұған дейін 20 қаңтарда словакиялық “Жилина” ұжымымен кездесіп, 4:0 есебімен оңбай жеңілген болатын.
Келесі айда Карпович шәкірттері 3 шетелдік ұжыммен ойын өткізуге келісіп қойған. Жасыл жейделі команданың қарсыластары - “Ноа”, “Спартак” және “Урарте”.