“Елімай” құрамы жаңа ойыншымен толықты

24.11.2025, 17:20

Семейлік ұжым УЕФА Конференциялар лигасына жолдама алғаннан кейінгі алғашқы трансферін жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Елімай” құрамы жаңа ойыншымен толықты

Команда 28 жасар Қазақстандық футболшы Айбар Жақсылықовты қатарларына қосты.

Талдықорған тумасы өткен маусымда “Қайсар” сапында өнер көрсетіп, 24 ойында 8 гол соғып, 1 голдық пас берген.

Бұл Айбардың мансабындағы бесінші командасы. Бұған дейін шабуылшы “Қайсардан” бөлек “Жетісу”, “Ордабасы”, “Тобыл” командаларының да жейдесін киген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×