Бүгін шабуылшы “Астана” қақпасына бір гол соқты.
Жалпы Ғалымжан Семей ұжымы үшін өткізген соңғы 6 кездесуде 5 гол мен 2 голдық пас берді.
Атап айтсақ, Годи бұған дейін “Жетісу”, “Оқжетпес”, “Ақтөбе” (2х) қақпасына гол соқты. Ал “Қайрат” пен “Қызылжар” кездесулерінде футболшы керісінше, өз командаластарының гол соғуына мүмкіндік туғызды.
Осы маусымда футболшы “Жеңіс” пен “Ұлытауға” қарсы матчтарда көзге түсе алмады. Бірақ соған қарамастан Ғалымжан “Елімайдың” қазіргі таңдағы ең үздік сұрмергендерінің бірі.
Айта кетейік, Карпович шәкірттері келесі ойынын 28 қыркүйек күні шымкенттік “Ордабасыға” қарсы өткізеді.