“Елімай” ойыншысы Ғалымжан Кенжебекке байланысты тараған ақпараттар жалған болып шықты

22 жастағы қаптал вингері “Қайратқа” қайтып оралмайды.

“Елімай” ойыншысы Ғалымжан Кенжебекке байланысты тараған ақпараттар жалған болып шықты

Осыдан бірнеше күндер бұрын “Елімайдың” көшбасшысы Ғалымжан Кенжебек өзі түлеп ұшқан “Қайратқа” оралады деген ақпарат тараған болатын. Алайда көптеген пабликтерге жарияланған бұл дерек жалған болып шықты. 

Еске салсақ, 2023 жылы Тараз тумасы алматылық “Қайраттың” негізгі ұжымында 12 матч өткізіп үлгерген болатын. 

Осы маусымда келісім шарты аяқталатын Кенжебектің алдағы уақытта қайда ойнайтыны әзірге белгісіз. Шетелдік клубтардың қызығушылығын тудырған талантты ойыншы мүмкіндік туса, бағын елімізден тыс аумақта сынап көргісі келетінін тілге тиек еткен болатын. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×