“Елімай” соңғы секундта жеңісті жұлып алды

28.09.2025, 19:15

Қазақстан Премьер лигасының 24-турында Семейдің "Елімайы" өз алаңында "Ордабасыны" 2:1 есебімен тізе бүктірді.

“Елімай” соңғы секундта жеңісті жұлып алды

Матч басында-ақ Шымкенттік команда жылдам гол соғып, есепте алға шықты. 3-минутта Эльхан Астанов мергендігімен көзге түсті. Алайда "Елімай” бұл соққыдан кейін ойынға толық кірісіп, қарқынын арттырды.

84-минутта Рамазан Оразов таразы басын теңестіріп, матчқа жаңа серпін берді. Ал шешуші сәт қосымша уақыттың алтыншы минутында орын алды. Роман Муртазаев жеңіс голын соғып, "Елімайға” маңызды үш ұпай сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×