Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турында Жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында Семейдің «Елімай» командасымен кездесті.
Алғашқы минуттардан-ақ ойын толқын тәрізді өрбіді. Қос команда кезек-кезек басымдықты өз қолдарына алып отырды. Үзіліске санаулы сәт қалғанда Котаро Киши әдемі гол соғып кетті. Бұл гол жапониялық ойыншының Қазақстан чемпионатындағы алғашқы добы болды. Екінші таймда семейліктер шабуылды үдетіп, пенальтиден есепті теңестірді. Қорытынды есеп: 1:1.
«Ұлытау» — «Елімай» 1:1 (1:0)
Голдар: Киши 40 (1:0), Свиридов с пенальти 86 (1:1)