Семейлік ұжым Түркиядағы ОЖЖ мәскеулік “Локомотивпен” бақ сынасты.
Jebel Ali Sport Centre стадионында болған кездесуде “Елімай” командасы өз қақпасына 2 гол жіберіп, жеңіліс тапты. Бұл матчта жасыл жейделілер сапынан қақпашы Владимир Стойкович дебюттық кездесуін өткізді.
Естеріңізге салсақ, Андрей Карпович шәкірттері Ресейдің тағы бір командасы Краснодарға 2:1 есебімен жеңілген болатын. Ойындағы жалғыз голды семейліктер сапынан Жан-Али Пайруз соққан еді.
Ендігі кезекте Дубайдағы ОЖЖ аясында “Елімай” клубы “Спартак” Мәскеумен кім мықтыны анықтайды. Сол ойынмен команданфң ресейліктерге қарсы кездесулер сериясы тәмамдалады.