
Андрей Карповичтің орынтағы ақырындап шайқалып тұр - үш турда төрт ұпай, бұл семейлік жанкүйерлер күткен нәтиже емес.
Былтыр кәдімгідей жүлдеге жақын болған клубтан биыл заңды түрде медаль күтілетіні анық. Алайда, ҚПЛ-2025-те «Елімай» ондай үмітті ақтап тұрған жоқ, тиісінше жанкүйерлер күңкілі де қаттырақ естілуде. Абырой болғанда Қостанайдағы ойында бір ұпай бұйырды, әйтпесе семейліктер турнирлік кестеде тіптен төмен орналасатын ба еді. Бүгін соның барлығының есесін қайтаруға тамаша мүмкіндік бар - жоғары дивизион дебютанты «Ұлытауды» ұтып, ұпай қорын толықтыру маңызды. Андрей Карповичтің тағдырын шешпесе де, біраз дүниеге жауап табылатын ойын. Егер қажетті нәтиже тіркемесе, Андрей Мартин секілді қазақстандық маманның да басына қара бұлт үйірілейін деп тұр.
Иван Азовскийдің командасы алғашқы үш турда екі ұпай еншіледі. «Тобылдан» ұтылған соң, екі ойында тең тарқасты (Жетісумен 0:0, Жеңіспен 1:1). Енді жезқазғандықтарды Семейдегі ауыр бәсеке күтіп тұр. Шағын бюджетіне сай жасақталған ұжым үшін негізгі міндет - ҚПЛ-дегі тіркемесін сақтап қалу деп есептейміз. Ол үшін деңгейлестерді ұтып, мықты командалардан барынша ұпай алып қалу керек.
Бұл матчта оқиғаның барлығы үзілістен кейін болады деп ойлаймыз. Fonbet.kz те екінші таймның тоталы 1.5-нан көп дегенге 1.90 коэффициент беруде.
Біздің серіктес: FONBET