"Елімай" шабуылшысы Ақмаль Бахтияров Алматыдағы тарихи жеңістен кейін әсерімен бөлісіп, команданың мінезін және матчтың ерекше маңызын атап өтті.
“Біз бұл жеңіске мінезіміздің арқасында жеттік. 0:2 есебімен ұтылып жатқанда ешкім қол қусырып қалмады, керісінше ойынды күшейтіп, лайықты үш гол соқтық. Бұл ойын тек мен үшін ғана емес, Рамазан Оразов, Ғалымжан Кенжебек, Никита Пивкин және бұрын "Қайратта” жұмыс істеген бас бапкеріміз Андрей Карпович үшін де өте маңызды болды. Жалпы, бүкіл команда үшін бұл кездесу ерекше есте қалды. Біз оны қарапайым матч сияқты қабылдаған жоқпыз, өйткені "Қайрат” Қазақстандық футболдың символы.” – деді Бахтияров.