
«Елімайдың» жартылай қорғаушысы Абылайхан Назымханов Sport+ телеарнасының эфиріндегі «Pluste Bol» аналитикалық жобасында ҚПЛ-дегі ең мықты команда мен футболшысы туралы сауалға өзінің жауабын айтты.
“Командалар ішінде әрине «Қайрат» қиын қарсылас болды. Ал алаңдағы ең ыңғайсыз футболшы деп Вагнер Лавты айтар едім. Оның деңгейі енді мүлде бөлек қой. ҚПЛ-де есте қаларлық футболшы сол деуге болады. Тіпті, өте керемет ойыншы деп айтар едім. Сондықтан, менің мансабымда ең қиын команда мен қарсылас туралы сауалға осы Вагнер Лав пен «Қайратты» атар едім», - деді А. Назымханов.
Абылайхан Назымханов биылғы жылдың басында семейлік команда жейдесін киді. ҚПЛ-2025-те «Елімай» сапында екі ойында доп тепті. Оған дейін 23-жастағы футболшы қарағандының «Шахтерінде» өнер көрсеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET