Семейлік клубтың қатарын жақында Александр Марочкин толықтыруы мүмкін.
«Астанамен» келісім-шарты аяқталатын футболшыны отандық басылымдар «Елімайға» барады деп жазуда. 34-жастағы қорғаушыға сондай-ақ, қостанайдың «Тобылы» да қызығушылық танытып отырған көрінеді.
Өткен маусымда Александр Марочкин елордалык клуб сапындағы барлық турнирлерде 34 ойында алаңға шыққан болатын. Бұдан бөлек орталық қорғаушы Қазақстан құрамасының сапында Ұлттар Лигасы аясындағы турнирде де өнер көрсетті. Жалпы, ұлттық команда жейдесінде 49 кездесуде бақ сынады.
А. Марочкин «Астанаға» дейін «Іле-Сәулет», «Каспий», «Оқжетпес», «Қайсар» және «Тобылдың» намысын қорғаған.
Естеріңізде болса, осыған дейін «Елімайға» Бауыржан Исламханның ауысуы мүмкін екенін де жазған болатынбыз.
Біздің серіктес: FONBET