Павлодардың «Ертісі» Қазақстан чемпионатының 5 дүркін чемпионы. Ал биыл клуб ғайыптан тайып біріншіліктен шығатынын мәлімдеді. Дәл қазір кінәлілерді іздеу қисынсыз, павлодар футболы былыққа батқалы қашан? Оның барлығын «Ертістің» бұрынғы ойыншысы Максим Жалмағамбетов растап отыр.
Көп жанкүйердің қызығушылығы болгариялық бапкер Димитар Димитровқа ауып тұр. Ол клубпен соттасып жатқанына бір жыл болды. Бұл мәселеде кімнің дұрыс кімнің бұрыс қадамға барғанын нақты айту қиын. Клуб басшылығы шеттен бапкер шақырғаны қате болған секілді. Димитров 4 жылдың ішінде бір мәрте қола жүлде еншіледі. Бұл жайында футбол маманы не дейді?
«Ертіс» мұндай қысылтаяң сәтті бастан өткеріп жатқан бірінші клуб емес. Бір жыл бұрын «Ақтөбенің» де жайы осындай болған. Оның алдында «Жеңіс» пен «Елімай» клубтары да дүркін-дүркін чемпиондық атақтарына қарамастан, жабылып қалып еді.
Осы жақында ғана «Жеңіс» футбол клубы қайта ашылады делінген еді. Клубты қайта тірілткісі келген жанкүерлер мен бұрынғы ойыншылардың діттегені болмай қалды. Қазақстанда футбол әзірге әлеуметтік жоба ретінде қарастырылады. Сондықтан да клубтардың дамуы да қиын екені анық.
Біздің серіктес: FONBET