«Елімай», «Жеңіс» енді «Ертіс»

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
01.06.2020, 23:28
Тағы бір клуб жабылды. Кім кінәлі?
«Елімай», «Жеңіс» енді «Ертіс»

Павлодардың «Ертісі» Қазақстан чемпионатының 5 дүркін чемпионы. Ал биыл клуб ғайыптан тайып біріншіліктен шығатынын мәлімдеді. Дәл қазір кінәлілерді іздеу қисынсыз, павлодар футболы былыққа батқалы қашан? Оның барлығын «Ертістің» бұрынғы ойыншысы Максим Жалмағамбетов растап отыр.

  • Максим ЖАЛМАҒАМБЕТОВ-«Ертіс» ФК қорғаушысы (2010-2011)
  • Соңғы 3-4 жылдың ішінде павлодарда футбол менеджменті кәсіпқой деңгейде болмады. Оны бәрі біледі. Оған әкім, облспорт, және клуб басшылары кінәлі. Бұл мәселе бүгін пайда болған жоқ, түйін шешімін таппай келе жатқанына 4-5 жыл болды.

Көп жанкүйердің қызығушылығы болгариялық бапкер Димитар Димитровқа ауып тұр. Ол клубпен соттасып жатқанына бір жыл болды. Бұл мәселеде кімнің дұрыс кімнің бұрыс қадамға барғанын нақты айту қиын. Клуб басшылығы шеттен бапкер шақырғаны қате болған секілді. Димитров 4 жылдың ішінде бір мәрте қола жүлде еншіледі. Бұл жайында футбол маманы не дейді?

  • Павлодар қаласы футболмен тыныстайтын мекен. Ол жақтың адамдары футболды қатты жақсы көреді. Клуб биыл жарыстан шықты. Енді тпек жанкүйерлерден обал.

«Ертіс» мұндай қысылтаяң сәтті бастан өткеріп жатқан бірінші клуб емес. Бір жыл бұрын «Ақтөбенің» де жайы осындай болған. Оның алдында «Жеңіс» пен «Елімай» клубтары да дүркін-дүркін чемпиондық атақтарына қарамастан, жабылып қалып еді.

  • Соңғы 15 жылда қаншама футбол клубтарымыздан айырылып қалдық. «Восток», «Елімай», «Жеңіс», «Сұңқар», «Іле-Сәулен». Бірде бір еуропалық елде мұндай жағдай орын алмаған шығар.Олардың ішіндегі «Елімай» мен «Жеңістің» тарихы бай еді. «Жеңіс» мені өсірген клуб. Оған қаншама отбасы жанкүйер болатын. Қазір ол клуб та жоқ.

Осы жақында ғана «Жеңіс» футбол клубы қайта ашылады делінген еді. Клубты қайта тірілткісі келген жанкүерлер мен бұрынғы ойыншылардың діттегені болмай қалды. Қазақстанда футбол әзірге әлеуметтік жоба ретінде қарастырылады. Сондықтан да клубтардың дамуы да қиын екені анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×