Қос команда арасындағы соңғы бес кездесу семейліктердің жеңісімен аяқталған.
Бірінші айналымдағы матчты «Елімай» ұтқан 1:0. Андрей Карпович жаттықтыратын алаң иелері соңғы бес бәсекеде 8 ұпай еншіледі. Өткен турда күтпеген жерден «Ұлытаумен» ұпай бөліскен семейліктердің 1:1, бүгінгі ойынға ерекше мотивациямен шығатыны анық. Жалпы, «Елімай» өзінің алаңында нәтижелі өнер көрсетеді. «Спартакта» ешқандай қарсыласқа оңай тимейді. Кешкі 18:00-де басталатын матчта «Жеңіс» үшін де қиын болайын деп тұр. «Елімай» биыл көп гол жіберуімен есте қалуда, бірақ шабуылда нәтижелі - соңғы бес кездесуде голсыз кетпеген.
«Жеңіс» турнирлік кестеде бүгінгі қарсыласынан төмен, алайда, соңғы бес ойында 10 ұпай еншілегенін де айта кетуіміз керек (Елімайда 8). Өткенде «Қайраттан» ұтылып қалғаны болмаса, «Жетісу», «Ұлытау» мен «Атырауға» ешқандай мүмкіндік берген жоқ. Қазір Андрей Демченконың командасы 20 ұпаймен сегізінші келеді. Бірінші айналымда елордалық клуб «Елімайдан» ұтылған 0:1. Енді бүгін сырт алаңда есесін қайтара ала ма?
Алаң иелері бірінші таймда гол салады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz 1.80 коэффициент береді.