
Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапында
Семейлік «Елімайдың» футболшысы Жан-Әли Пайруз ҚПЛ-2025-тің фавориттері мен легионерсіз ойнайтын «Қайсардың» басты артықшылығын айтты.
«Меніңше, биыл да сол басты фаворит «Астана» мен «Қайрат». Біздің ҚПЛ сол былтырғы деңгейде, көп өзгеріс байқай қоймадым. Ешқандай команда бір таңқалдырды деуге де келмейді. Бірақ «Астана» мен «Қайрат» басқа деңгейде.
«Қайсарда» өте жақсы ойыншылар бар, Нәрзілдаев, Әбікен... Тәжірибелі футболшылар. «Қайсардың» футболшылары ойынға шыққанда намысқа тырысып ойнайды. Маған сол жағы ұнады», - деді Жан-Әли Пайруз.
Айта кетейік, «Қайсар» үш турдан кейін 2 ұпаймен 10-орынға жайғасқан. Ал «Астана» мен «Қайрат» ҚПЛ-2025-тің алғашқы екі сатысын иеленуде.
Біздің серіктес: FONBET