Элиталық кезеңнің кестесі бекітілді

22.10.2011, 22:23
Элиталық кезеңнің кестесі бекітілді
УЕФА кубогындағы бәсекесін элиталық раундтан бастайтын Алматының «Қайраты» алғаш қы ойынын қай күні, қай коман дамен өткізетіні белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, УЕФА кубогы ның элиталық кезеңінде Алматының «Қай раты» «Экономац» (Сербия), «Шателино» (Бель гия) және «Динамо» (Ресей) клуб та рымен бірге «А» тобына түскен болатын. Енді осы клубтар қарашаның 17-сі мен 20-сы аралығында Ресей астанасы Мәскеуде финал дық сынға берілетін жалғыз жолда ма үшін таласатын болады. Қарашаның 17-сінде «Қайрат» алғашқы ойынын «Шат елиномен» өткізсе, келесі күні Сер бия ның «Эконмац» клубымен шеберлік бай қасады. Ал турнирдің соңғы күнінде алаң қожайындары «Динамомен» додаға түседі. Финалдық сынға берілетін жалғыз жолдамаға осы екі команда таласатын секілді. Шынын айту керек, сербтер мен бельгиялықтар өз мықтылығын кәртамыс құрлыққа әлі дәлелдеп үлгерген жоқ. Ал «Динамо» – Ресейдің ең үздік клубтарының бірі. Құрамының тең жартысы Ресей ұлттық құрамасының сапында ойнайды. Сондай-ақ легионерлері Винисус пен Фернандинью де Бразилия ұлттық құрамасына жиі шақыртылып жүр. Оның үстіне, өз жерінде ресейліктер жолдаманы оңайлықпен бере қоймас. Дегенмен бұрынғы «Аксьон 21» клубының негізінде құрылған «Шателино ны» да қатардан сызып тастауға болмас. Алдын ала таратылған мәліметке сүйенсек, «Қайрат» шағын футбол клубы Ресей астанасына қарашаның 15-і күні ұшып барады. Әзірге қарсыластарын зерттеу үстінде. Автор: Нұрлан Асқарұлы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×