Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов алдағы маусымдағы жоспары туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, 2025 жылғы маусымға арналған келісімшарты елордалық “Астана” клубымен күшінде. Өткен маусымда футболшы шымкенттік “Ордабасы” сапында жалдау шартымен ойнаған болатын.
“Менің келесі жылға арналған келісімшартым “Астанамен”. Биыл “Ордабасыда” жалдауда болдым. Ал енді маусым алдындағы дайындықты “Астанада” бастаймын. Одан кейінгі жағдайды уақыт көрсетеді.” – деді Астанов Legalbet.kz тілшісіне.