Елмар Нәбиев: “Ұлттық құраманың деңгейі өсті, ойыншылардың көзінде от бар”

Бүгін, 14:12

Шымкенттік футбол академиясының басшысы әрі белгілі ардагер футболшы Елмар Нәбиев ұлттық құраманың бүгінгі қарқынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Елмар Нәбиев: “Ұлттық құраманың деңгейі өсті, ойыншылардың көзінде от бар”

Sports.kz порталына берген сұхбатында ол құраманың сапалық тұрғыдан жаңа белеске көтерілгенін атап өтті.

Маманның пайымдауынша, құраманың табысқа жетуіне тікелей әсер етіп отырған фактор — жаттықтырушының мықты ұстанымы.

"Ұлттық құраманың деңгейі физикалық тұрғыдан да, психологиялық дайындық жағынан да айтарлықтай өсті. Бас бапкеріміз — нағыз отансүйгіш жан. Оның ойыншыларды жігерлендіру қабілеті ерекше, командаға ешкімге ұқсамайтын рух бере алады.” — дейді Нәбиев.

Сондай-ақ, сарапшы құрама сапындағы буын алмасу процесінің сәтті жүріп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі футболшылардың ойын мәнері жанкүйерлердің көңілінен шығып жүр.

"Команда құрамы жасарып, жас таланттар өз мүмкіндігін мүлт жібермей келеді. Ойыншылар тек қорғаныста жатпай, алға ұмтылуға, гол соғуға құштар. Мұндай жалынды футбол мен шабуылға бағытталған ойын өрнегі отандық жанкүйерлерді сағындырып жүрген еді.” 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×