“Астана” футбол клубының Бас директоры Қайсар Бекенов трансфер бойынша пікір білдірді.
Клуб директоры жазғы трансферлік кезеңнің команда құрамын күшейтуде ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, біз Иван Башич пен Дритон Цамайды “Астана” сапында көруге қуаныштымыз. Бұл - әлеуеті мықты, құлшынысы жоғары футболшылар. Олар командаға маңызды бағыттарда жаңа серпін беріп, ойын сапасын арттырады деп сенеміз. Жаңа ойыншылар ұжымға тез бейімделіп, маусымның қалған бөлігінде оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз.
Айта кетейік, “Астана” командасы ішкі чемпионаттың 16 тур қорытындысы бойынша 37 ұпаймен турнир кестесінде 1 орында келеді. Келесі ойынын елорда ұжымы 13 шілде күні шымкенттік “Ордабасыға” қарсы кездесу өткізеді.