Елордаға қайрат берген – Қайрат

04.04.2011, 17:56
  Елордаға қайрат берген – Қайрат
– Қайрат, былтырғы ел чемпионатының ортасында «Локомотив» (Астана) клубына ауысып, осы команданың ең үздік жаңа ойыншысы атандыңыз. Осыған қарап, сіз өз командаңызды таптыңыз деуге бола ма? – «Бұл – менің командам» деп айтуға ертерек әлі. Рас, дәл қазір елорда клубындағы жағдайым жаман емес. Ойнап жүрмін, бас бапкер де үміт артуда. Меніңше, мен жақсы командаға тап болдым. Әйтсе де «өз командама тап болдым» деп шорт кесіп айта алмаймын. Шүкір, «Локомотивтің» қазіргі бас бапкері маған сенім артуда. Өз кезегімде мен де бапкер сенімін ақтап, оның көз алдында жоғары деңгейде өнер көрсете беруге тырысамын. – Сонда көзге түсіп, ұлттық құрама сапына ілігу үшін міндетті түрде азулы команда сапында ойнау керек пе? Әлде осал команда сапында ойнап жүріп те, еліміздің таңдаулы футболшыларының қатарына қосылуға бола ма? – Қанша дегенмен, азулы команда сапында жүріп, құрамаға ілігу мүмкіндігі басымырақ. Әрине, осалдау немесе бюджеті жұпынылау команда сапында өнер көрсетіп жүріп те, өзіңнің шеберлігіңді паш етуге болады. «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды» дейді ғой қазақ. Деңгейі жоғары ойыншы бәрібір ұлттық құрама мен қарымды командалардың қырағы көз бапкерлерінің көзінен таса қалмайды. Десек те қарымды командалар үнемі жеңіске жетуді көксейді, үлкен мақсаттарға талпынады. Сондықтан мұндай командалар сапындағы ойыншылардың бойына жеңімпаздық сезімі мен рухы сіңе бастайды. Сол себепті негізінен осындай командалар сапындағы ойыншыларға көп сенім артудың еш сөкеттігі жоқ. – Өзіңе алаңда қай шепте ойнаған ұнайды? Шабуылды бұзған ба, әлде керісінше, ұйымдастырған ба? – Маған салса, орталық алаңның бел ортасында ойнағанды ұнатамын. Мен ойын ұйымдастыру жағынан теңбіл доптың хас шебері емеспін. Бірақ қарсыластың шабуылына тойтарыс беріп, оны бұзып отыру менің сүйікті қызметім емес. Доппен көп жүгіргім келеді. Алға да шығып, артқа да қайтып, екі жаққа да көмектескенді ұнатамын. Еркіме салса, орталық шепте ойнар едім. – Ал «Локомотивте» орталық қорғаушы қызметін атқармайсыз ба? – Иә, елордалық клубта орталық шепте ойнайтын футболшылар көп. Ал орталық қорғаушылар қат. Бас бапкер бұл қызметке менің икемім келеді деп ойлайтын болса керек. Оған, бәлкім, сенімді де шығар, мені осы шепке қойып жүр. Білікті бапкерлердің айтқан тапсырмасын мүлтіксіз орындап, өзіңе тапсырған қызметті атқаруың керек. Кім біледі, мүмкін, олар сені басқа бір қырыңнан ашар. – Дәл қазір «Локомотивте» кім лидер? – Биылғы маусым аралығында біздің команда екі жаңа ойыншы алды. Олар – Нұрбол Жұмасқалиев пен Андрей Карпович. Қазір біздің команданың бар ойыны осы екі футболшының қабілеттеріне жұмылдырылуда. Мен осы екі футболшы біздің ерен жетістіктерге қол жеткізуімізге ықпал етеді деп ойлаймын. Осы екеуін лидер деп санауға болады. – Командаларыңызда легионерлер көп қой. Шетелдіктер қазақтың салт-дәстүріне қызығушылық таныта ма? Сіздерден әдет-ғұрпымыз туралы сұрай ма? – Әрине. Мысалы, біздің командадағы сербтерге қазақтың дастарқаны ұнайды. Салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымыз туралы да көп сұрайды. Оларға оның бәрі өте қызық. Көп нәрсені білуге құштар. Мәдениетімізге қызығушылық танытады. Тіпті кейбір сөздерімізді де жаттап, үйренуге тырысады. Қазір кейбіреулері бізбен қазақша амандасады. – Ал өздерің, яғни қазақстандық футболшылар өзара ел мен жер туралы, намыс және Отан туралы сөйлесесіздер ме? – О не дегеніңіз? Әрине. Басқалар үшін жауап бермей-ақ қояйын, өз басым мұның бәріне жауапкершілікпен қараймын, әрқашан бұл ұғымдарды басқасынан жоғары ұстаймын. Мен ұлттық құрама сапында осылай ұтылып жүргенімізге қатты ұяламын. Жаныма батады. Құрама сапындағы жігіттер де күйзеліп жүр. Тек бір әттеген-айы... Осыны баяғыдан бері айтқым келіп жүр еді. Біз ұтылған сайын жанкүйерлердің көбі бұған терең бойламай, ойын нәтижесіне ғана қарап, жаппай бізді (футболшыларды) кінәлайды. Мен бұл жерде футболшылардың кінәсі жоқ дегелі отырған емеспін. Жауапкершілік жүгін мойнымнан алып тастамаймын. Әйтсе де жанкүйерлердің отандық сайттардағы мақа­лалар мен сұхбаттардың астына неше түрлі жазып тастайтындарына таң қаламын. Олардың үнемі бізді қаралай беретіндерін түсінбеймін. Неше түрлі жаман сөздер жазып тастайды. Былапыт сөздер де жоқ емес. Соның бәрін сайт жүргізушілер немесе сайт әкімшілігі елеп-екшеп отырмайды. Біз еліміздің намысын қорғаймыз. Ел мен жер үшін жанталасамыз. Сондықтан біздің де мүддемізді біреулердің қорғағаны дұрыс қой. Сонда қалай болса солай жазылған сөздер менің етімнен өтіп, сүйегіме тиеді. Онсыз да жетісіп жүргеніміз шамалы. – Қазақстан футбол федерациясы маңындағылар «жыл өткен сайын ел чемпионатының деңгейі өсіп келеді» деп жүр. Өзіңіз ойнап жүрсіз ғой, шынымен солай ма? – Былтырғы чемпионаттың екінші бөлігінде екі алтылыққа бөлініп ойнадық қой. Сонда алғашқы алтылықтағы әрбір ойын қызықты да, тартысты болды. Үздік алты команда арасындағы доданың деңгейі, шынымен-ақ, жоғары болды. Жалпы, осыдан екі-үш жылғымен салыстырғанда, ел чемпионатының деңгейі бірте-бірте көтеріліп келеді. Екі алтылыққа бөліп өткізу чемпионаттың деңгейіне біршама әсер етіп отыр. – Германия құрамасымен түзде болған ойында қателескен жерің болды ма? – Бірінші гол соғылғанда менің тарапымнан да қателік болды. Бірақ мені артымнан біреу итеріп жіберді. Қарбалас сәтте кім итергенін де байқамадым. Клозе гол соғып кетті. Жолына кесе-көлденең тұрып үлгермедім. – Қазір ұлттық құрама сапына бір топ жас жігіттеріміз тартылып жүр. Жақында солардың бірі Ұлан Қонысбаев «алаңға шыққанда ешқандай да қобалжыған жоқпын, команда сапындағы Смақов, Жұмасқалиев, Карпович сияқты ағаларым қолдап, қайрап отырады» деді. Қазір команда капитанысыз ғой, сіз де оларға қолдау көрсетіп отыратын шығарсыз? – Әрине. Әрі қазақ балаларымен қазақша сөйлесу керек. Орысша айтсаң, олар оны жай ғана қабылдайтын сияқты. «Давай, давай» деген жаттанды сөздермен емес, «ертең үйге барғанда ұят болады, теледидардан әке-шешелерің де қарап отыр, намысқа тырысуымыз керек» деп қазақша түсіндіріп, намыстарын жанып отырсаң, олар оны өзгеше қабылдайды. Жауапкершілік жүгін сезініп, ойланып қалады. Оларды қолдап, демеп-жебеп отырудың маңызы зор. – Қайрат, бізде Әнұранымызды айтатын футболшылар өте аз. Шетелдік көрермендер алдында тым ұят та. Осы жөнінде ұлттық құрама футболшылары арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуге болмай ма? Таза жігіттік тұрғыда сөйлесіп дегендей. – Дұрыс айтасыз. Осы жай мені де баяғыдан бері толғантып жүр. Мысалы, Германиямен болған ойында Әнұранды өзім айтып тұрдым. Содан соң «Датоның» (Давид Лория) шырқап тұрғанын естідім. Ол өйткені жанымда тұрды. Білесіз бе, Датоның Гимнді орындап тұрғаны мені қуантты. Риза болып қалдым. Ал басқа кім айтты, кім айтпады – оны көре алмадым. Әнұран орындалып тұрғанда қозғалақтап, әрқайсысына тесіліп, олардың бәріне қарай алмаймын ғой. Бірақ мен жігіттердің арасында осы мәселені көтеремін. Оған сөз беремін. Бірақ бұл «мен капитан болдым, енді жігіттердің бәрі Әнұранды орындайтын болады» деген сөз емес. Дұрыс түсініңіз. Бірақ айтуын айтамын. Әрі намысын жанып, жақсылап айтамын. Ыңғайын тауып, осы мәселені жақсылап тұрып көтеремін. – Рақмет, Қайрат. Ұлттық құраманың қазіргі бас бапкері сізге үлкен сенім артатын сияқты... – Иә, ол кісі маған сенім артып, команда капитаны етіп те тағайындады. Мұны мен мүлде күтпеген едім. Құрама сапында Нұрбол сияқты беделі менен де жоғары футболшымыз бар. Ирисметов, Лория сияқты құрама сапында менен де көп ойын өткізген тәжірибелі жігіттеріміз тағы бар. Алайда бапкерлермен, құрамадағы кейбір футболшылармен сөйлесіп, мен туралы пікірлерін біліп жүргенін сезгенмін. Бірақ капитан қылып сайлайды деп ойлаған жоқ едім. Негізі, мен Беранекпен көп сөйлестім. Түркиядағы жиында болдым. Германиямен болған матч алдындағы жаттығу жиынында да. Сонда байқағаным, мен оның ойын стиліне келетіндеймін. Өзіме бас бапкердің осындай үлкен сенім артып жүргендігі ұнайды. Енді соны ақтауға тырысамын. Бас бапкердің сеніміне кірдім, енді болды деп тоқмейілсімеймін ешқашан. Автор: Нұрғазы САСАЕВ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.967
Ничья
3.82
П2
3.91
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.74
П2
6.21
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.605
П2
2.263
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.427
Ничья
3.81
П2
2.845
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.075
Ничья
3.79
П2
1.936
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.077
Ничья
15
П2
32
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×