Елордалық ауыс-түйіс – Быстров неліктен “Жеңісті” таңдады?

08.01.2026, 22:26

Тәжірибелі қорғаушы Марат Быстров өзінің мақсаттары жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Елордалық ауыс-түйіс – Быстров неліктен “Жеңісті” таңдады?

Ол Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында "Астанадан” кету себебі мен алдағы жоспарлары туралы ашық айтты.

Жалға алу емес, толыққанды трансфер

Футболшының айтуынша, бұл жолғы ауысудың жөні бөлек. Марат "Жеңіспен" бір маусымға жарамды келісімшартқа отырған.

"Иә, ресми түрде "Жеңіс” ойыншысы атандым. Бір жылдық келісімшартқа қол қойдық. Айта кететін жайт, мен мұнда жалға алу негізінде келген жоқпын, бұл — толыққанды трансфер." — деді Быстров.

Басты мақсат — Ұлттық құрама

Быстров үшін бұл ауысу тек клуб ауыстыру ғана емес, сонымен қатар ұлттық құрамаға қайта оралуға берілген мүмкіндік. Соңғы уақытта негізгі құрамнан көрінбей кеткен қорғаушы бабына қайта келу үшін барын салуға дайын.

"Басты мақсатым — Қазақстан ұлттық құрамасына қайта оралу. Сол үшін аянбай еңбек ететін боламын.” — деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×