Елордалық клуб БАӘ-ға аттанды

Бүгін, 11:04

"Астана" клубы жаңа маусымға дайындықтың келесі кезеңіне көшті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Елордалық клуб БАӘ-ға аттанды

Команда бүгін екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жол тартты.

Қазақстанның вице-чемпиондары кезекті дайындық кезеңін Дубай қаласында өткізеді.

Бұған дейін команда елордадағы "Астана Арена” стадионында алғашқы жиынын аяқтап, физикалық бабын қалыпқа келтірумен айналысқан болатын.

Дубайдағы жиынға команданың негізгі өзегі — отандық ойыншылар да, легионерлер де толық құрамда қатысады. 

Команда Әмірлік жерінде екі аптадан астам уақыт болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×