Эльвира Нұрмұстафина - Қазақстан чемпионатында бас төреші ретінде жұмыс істеген алғашқы әйел адам

04.07.2021, 16:57
Қазақстан футболында тарихи оқиға орын алды.
Эльвира Нұрмұстафина - Қазақстан чемпионатында бас төреші ретінде жұмыс істеген алғашқы әйел адам

«Жетісу» мен «Қызыл-Жар» арасындағы футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 19-тур ойынында алғаш рет әйел төреші Эльвира Нұрмұстафина қызмет етті.

Өз саласының нағыз маманы Эльвира Нұрмұстафина 2013 жылдан бастап әйелдер командалары арасындағы Еуропадағы клубтық турнирлерде, ал 2017 жылдан бастап Бірінші лигадағы кездесулерге тұрақты түрде бас төреші ретінде тағайындала бастады.

2019 жылы ол ФИФА төрешілерінің бірінші санатына енгізілді, бұл оған Еуропадағы әйелдер арасындағы клубтық жарыстар мен ұлттық құрамалардың ойындарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ойын алдында «Қызыл-Жар» клубының капитаны Мирослав Лобанцев Эльвираны жоғарғы дивизиондағы дебютімен құттықтап, гүл шоғын сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×