Эмманюэль Пети: "Месси Криштиану сияқты емес. Ол енді ұзақ ойнай алмайды"

16.02.2020, 15:35
Эмманюэль Пети: "Месси Криштиану сияқты емес. Ол енді ұзақ ойнай алмайды"

"Барселонаның" бұрынғы жартылай қорғаушысы Эмманюэль Лоран Пети "Мессидің "Манчестер Сити" сапына ауысуы мүмкін", деген ақпаратқа қатысты пікірімен бөлісті. Франциялық футболшы кезінде Англияда "Арсенал", "Челси" сынды клубтарда ойнаған.

-"Месси — Криштиану Роналду сияқты емес. Ол португалиялық сияқты физикалық тұрғыдан машина емес. Роналду  бұл тұғыдан əлдеқайда мықты.

Лионель қазір 32-де. Енді ол ары кетсе 1-2 маусым жоғары деңгейде доп тебеді. Тіпті "Барселонада" мықты футболшылармен ойнаса да бұрынғыдай жылдамдығы мен дриблингі болмайды. Меніңше, Лео карьерасының аяқталуына жақын қалғанын сезеді. Шынымды айтсам, Месси Англиядағы жылдам футболға икемделе алмайды. Себебі, оған ойыншылардың позициялық тұрғыдан жауып тастағаны ұнамайды. Негізі ағылшын жанкүйерлеріне Леоның ойынын өз көзімен көрген жақсы болар еді. Бірақ "Манчестер Ситиге" Мессидей 32-ге келген ойыншыны сатып алудың не керегі бар?!"-дейді Пети Goal-ға берген сұхбатында.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×