Ең дәулетті – Месси мен Моуриньо

20.03.2012, 22:08
Ең дәулетті – Месси мен Моуриньо

  «France Football» журналы жылдың ең көп жалақы алатын футболшылар мен бапкерлердің тізімін жариялады. Бұл тізімде көш бастаған «Реалдың» жаттықтырушысы Моуриньо мен оның Примерадағы қарсыласы, «Барселонаның» ойыншысы Лео Месси болып табылады. Португалдық  маман «Реалда» жылына 14.8 миллион доллар алады. Ең қызықтысы тізімге «Челсидің» бұрынғы үш жаттықтырушыларының есімдері де бар. Бұрынғы «ақсүйектердің» ішінде, Жозеден басқа «ПСЖ-нің» бас бапкері Карло Анчелотти екінші орынды иеленіп, жылдық табысы 13,5 миллионды құраған. Ал, бесінші орынды қанағат тұтқан «Анжидің» ұстазы Гус Хиддинк жылына 8,6 миллион жасыл қағазды өз шотына аударады. Бұлардан басқа бұл қатарда Ресей құрамасының жаттықтырушысы Дик Адвокат та енген. Голландықтың жылдық жалақысы 7 миллион долларды құрап, әлемдегі ұлттық құраманы баптайтын бапкерлердің ішіндегі ең дәулеттісі болып отыр. Жалпы жалақысы жоғары жаттықтырушылардың тізімі төмендегідей: 1. Жозе Моуринью («Реал» – 14,8 млн) 2. Карло Анчелотти («ПСЖ» – 13,5 млн) 3. Хосеп Гвардиола («Барселона» – 9,5 млн) 4. Арсен Венгер («Арсенал» – 9 млн) 5. Гус Хиддинк («Анжи» – 8,6 млн) 6. Фабио Капелло (экс– сборная Англии – 8,5 млн) 7. Алекс Фергюсон («МЮ» – 8 млн) 8. Дик Адвокат (сборная России – 7 млн) 9. Хосе Антонио Камачо (сборная Китая – 6,1 млн) 10. Роберто Манчини («Ман Сити» – 5,9 млн) Ойыншылардың жылдық табысына келер болсақ, көпке дейін ең бай футболшы Дэвид Бэкхемнің 31,5 миллиондық табысымен екінші орынға түсірген Лео Месси «Барселонаға» қызмет еткен үшін және демеушілерден алған жылдық еңбегі 33 миллион доллармен бағаланған екен. Үшінші орында 29.2 миллион гринбектерімен Роналду жайғасса, кейінгі орында Ресей Премьер-лигасында ең жоғарғы айлық 23.3 миллион ресейлік емес, американдық рубль алатын Самуэль Это’О. Жалпы ең жалақысы жоғары ойыншылардың тізімі төмендегідей: 1. Лео Месси («Барселона» – 33 млн) 2. Дэвид Бекхэм («Лос– Анджелес Гэлэкси» – 31,5 млн) 3. Криштиану Роналду («Реал» – 29,2 млн) 4. Самюэль Это'О («Анжи» – 23,3 млн) 5. Уэйн Руни («МЮ» – 20,6 млн) 6. Серхио Агуэро («Ман Сити» – 18,8 млн) 7. Яя Туре («Ман Сити» – 17,6 млн) 8. Фернандо Торрес («Челси» – 16,7 млн

Абзал СҮЛЕЙМEН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×