Сену қиын, бірақ шындық осы. Жер шарындағы ең халқы көп бес елдің төртеуі — Қытай, Үндістан, Индонезия және Пәкістан — 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатыспайды.
Бұл төрт мемлекет бірге есептегенде 3,42 миллиард адамды, яғни әлем халқының жартысына жуығын құрайды. Дегенмен, осы алып елдердің ешқайсысы да әлемнің ең үлкен футбол сахнасына жолдама ала алмады. Тіпті, 48 құрамадан тұратын кеңейтілген формат та оларға көмектеспеді.
Үндістан — ешқашан әлем чемпионатына қатыспаған
Қытай — тек бір рет (2002 жылы) ғана қатысқан
Индонезия — ешқашан қатыспаған
Пәкістан — ешқашан қатыспаған
Осы төрт мемлекеттің жалпы халқы бүкіл Еуропа тұрғындарынан да көп. Бірақ футбол тарихындағы көрсеткіштері тым қарапайым.
Азияда бұл елдерде футболды жақсы көретін миллиондаған адам бар. Ресми деректер бойынша, Үндістан мен Қытайда тіркелген футбол жанкүйерлерінің саны 1 миллиардтан асады. Бірақ, кәсіби деңгейде жүйелі жұмыс, инфрақұрылым және футбол мәдениетінің дамуы баяу жүруде.
Мәселен, Үндістанда крикет басты спорт түрі болса, Пәкістанда да жағдай дәл сондай. Қытай мен Индонезияда футболға соңғы жылдары инвестиция артқанымен, нәтиже әлі көрінер емес.
Халық саны бойынша алып саналатын бұл төрт ел әлемдік футбол картасында әлі де көлеңкеде қалып отыр. Ал 2026 жылғы әлем чемпионаты тағы бір үлкен мүмкіндік еді, бірақ ол да қолдан кетті.