Ең қымбат билеттер экономикасы ең төмен елде! Мысалы, «Интер» - «Қайрат» кездесуін небары 7 мың теңгеге көруге болады

29.10.2025, 14:37

«Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңіндегі «Интермен» өтетін матчына билеттер сатылымға шықты.

Ең қымбат билеттер экономикасы ең төмен елде! Мысалы, «Интер» - «Қайрат» кездесуін небары 7 мың теңгеге көруге болады
"Қайрат" ФК жанкүйерлері

Бұл бәсеке Милан қаласындағы әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында қарашаның 5-нен 6-на қараған түні болады. Аталған матчың билеттері 7 мыңнан басталады. Айта кетейік, «Қайраттың» өз алаңында өткен екі кездесуінің билеттері 30 мың мен 250 мың арасында болды. УЕФА талабы бойынша барлық билеттердің 5 пайызы қонақ командаға тиесілі.

«Қайрат» жалпы кезең аясында Алматыда екі кездесу өткізеді – «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (20 қаңтар) қабылдайды.    

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×