«Ең маңызды мақсат – нәтиже». Бас бапкер маусымдағы екі ойын алдында сұқбат берді

22.05.2025, 19:30

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев маусымда өтетін қос кездесу жайлы ой-пікірін айтты.

«Ең маңызды мақсат – нәтиже». Бас бапкер маусымдағы екі ойын алдында сұқбат берді
Әли Әлиев

Ұлттық команданың жаттықтырушысы сондай-ақ, Қазақстанның ӘЧ іріктеуіндегі мақсаттарымен де бөліскен болатын. Әли Әлиевтің сұқбатын @candidate_kairov телеграм-арнасы жариялады

— Беларусьпен болатын матчқа қандай мақсат қойып отырсыз?

— Бірінші және ең маңызды мақсат – нәтиже. Сонлай-ақ біз жанкүйерлеріміздің ойын сапасы мен ойыншылардың көрсеткен өнерінен жақсы эмоция алғанын қалаймыз. Матч күні жаттықтырушылар құрамының да көңіл-күйі жақсы болуы керек.

— Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз? Оның күшті және әлсіз жақтары қандай?

— Бүгінде Еуропада әлсіз қарсыластар жоқ. Командалардың әрқайсысы қауіпті және күшті. Беларусьпен өткен жолдастық кездесуді Македониямен кездесуге дайындық деп есептейміз – ұлттық құраманың барлық ойыншыларына, атап айтсақ, олардың нұсқауды қалай орындайтынына, физикалық және психологиялық дайындығына жіті назар аудару керек. Беларусь соңғы кездесулерінде Әзірбайжан мен Тәжікстанды сырт алаңда ұтты. Бұл — Македониямен ресми ойын алдындағы лайықты қарсылас. Македония — бізге таныс команда, олардың құрамындағы жұлдызды ойыншылар Еуропаның белді клубтарында өнер көрсетеді. Мысалы, шабуыл шебіндегі ойындары Элиф Элмастың айналасында құрылған. Бұл балқандық команда, физикалық тұрғыдан күшті, қапталдан және стандарт жағдайларынан үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан, біз бар ойымызды бір жерге шоғырландырып, физикалық тұрғыдан дайын болуымыз керек.

— Сіздің ойыңызша, Солтүстік Македониядағыдай, матч тағдырына әсер ететін ойыншы Беларусь құрамасында бар ма?

— Кез-келген футболшы ойында күтпеген тосынсый әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір ойыншыға құрметпен қарау керек және оларға алаңға шыққанда белгілі бір міндет жүктелетінін ескеруіміз қажет.

— Жаңа тактикалық идеяларды енгізу жоспарда бар ма?

— Әрине, тактикалық идеялар болады. Қарсыластарымыздың күшті және әлсіз тұстары бар. Біз оларды дәл әрі дұрыс талдап, оңтайлы шешім қабылдауға тырысамыз». 

Айта кетейік, Қазақстан алдағы айда екі матч өткізеді. 5-маусымда Беларусьпен (жолдастық ойын) 9-маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады (ӘЧ-2026 іріктеуі аясында). Әзірге Әли Әлиевтің командасы өзінің тобында 3 ұпаймен үшінші орында келеді.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×