Енді кімге сыйлық жасау жағын «Қайрат» өзі шешетін болды. Алматылық клуб футболшыларының арасында түсініспеушілік болған ба?

15.10.2025, 13:18

«Қайрат» басшылығы алдағы уақытта ойыншыларға жеке сыйлық немесе демеушілік сый тарту мәселесін тікелей бақылауда ұстайтын болды.

Енді кімге сыйлық жасау жағын «Қайрат» өзі шешетін болды. Алматылық клуб футболшыларының арасында түсініспеушілік болған ба?
Шерхан Қалмұрза сыйға тартылған автокөлігімен

Бұл туралы алматылық клуб президенті Қайрат Боранбаев мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Шерхан Қалмұрзаға берілген қымбат сыйлықтан кейін клуб ішінде арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілген көрінеді.

«Біз ойыншылармен кездесу өткізіп, осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндірдік. Қай жағдайда да жеңіс — бүкіл команданың еңбегі. Егер бір ойыншыға сыйлық берілсе, онда Дастанға да, Мартыновичке де, Громыко мен Заруцкийге де лайық деуге болады. Бірақ болған іс болды. Әрине, біз мұндай сыйлықтарды тыйым сала алмаймыз. Дегенмен, футболшылардың бәрі клубпен келісімшартқа отырғандықтан, енді барлық осындай мәселелер клуб арқылы реттелуі тиіс деген шешім қабылдадық, — деді Қ. Боранбаев.

Айта кетейік, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза ЧЛ жалпы кезеңінде «Спортингпен» (1:4) және «Реалмен» (0:5) өткен ойындардан кейін отандық кәсіпкерден Exceed маркалы көлік сыйға алған болатын. Сондай-ақ, тағы бір қақпашы Темірлан Анарбековке де кәсіпкерлер көлік мінгізгені мәлім. Осы жағдайлар қоғамда түрлі пікір туғызып, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мұндай жекелей марапаттау командалық рухқа кері әсер етуі мүмкін екенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×