Бүгін «Шахтер» клубының Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Шара барысында «кеншілер» командасына жаңа атқарушы директоры тағайындалды. Бұл лауазымды енді Талғат Дүйсеков атқаратын болады.
Талғат Дүйсеков қоғам қайраткері, кәсіпкер және спорт жанашыры. Спорттық менеджменттен де хабары бар. Ол 2022-2023 жылдары «Асық ату» қауымдастығын басқарған. Өзі басшылық еткен жылдары асық атудан алғаш рет Азия чемпионатын өткізген болатын. Жаңа атқарушы директорға енді қарағандылық клубты тығырықтан шығару міндеті жүктеліп отыр. Талғат Дүйсековке сондай-ақ, бір ай ішінде облыс әкімдігінің тапсырмаларына сәйкес клубтың даму бағытын даярлау міндеттелген.
Айта кетейік, биылғы премьер-лигада «Шахтер» ең соңғы орын алып, жоғары дивизионмен қош айтысқан еді.
Біздің серіктес: FONBET